Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық жігіт үш жерден бірдей энергия өндіретін қондырғы жасап шығарды

27 жастағы атыраулық Ержан Нұрединов үш жерден энергия өндіретін қондырғы жасап шығарды.

14463208_10209352671968152_6167492020864357028_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жас энтузиаст өнертапқыш қазір идеясының “ЭКСПО 2017” ұлттық компаниясы өткізіп жатқан конкурста бәйгеге түсіп жатқанын айтты. “Менің қондырғым Саманея ағашына ұқсатылып жасалады. Энергия үш жерден алынады: жер астынан, күннен және желден. Геотермалды қондырғы жер астынан жылу шығарып қыста орындықтарды жылытады. Қондырғының бұтақтарында күн батареялары орналастырылады. Батареялардың астында жел энергиясын алатын спираль тектес модульді турбиналар болады. Алынған энергиямен жақын маңдағы тұрғын үйлерді жарықтандыруға мүмкіндік бар. Талда орналасқан шамдар түбіндегі орындықтарға жарық түсіріп тұрады”, – дейді жас ғалым.

Ержан қала көшелеріне қойылатын қондырғыда тұрғындарға пайдалы өзге де функциялар болатынын айтты. Нақты айтқанда, жел жылдамдығын, ауа температурасын, ауадағы ылғалдылықты өлшейтін аппараттар орналастырылады.

Сонымен қатар, Wi-Fi модем, дисплей, дыбыс шығарғыштар қойылмақ. Ержан Нұрединов қондырғысын өндіріске қойып, жаңа жұмыс орындарын ашуды, ел экономикасын дамытуға үлес қосуды армандайтынын айтты. Қондырғысын патенттеп те үлгерген. “Жобамды аймақта өткен инвестициялық форум кезінде Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа көрсеттім. Ол бұған үлкен қызығушылық танытты”, – деді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Өнертапқыш Колин Фарз ауласына алып әткеншек орнатып, жұртты шошытты (видео)

Өнертапқыштар электрокардың жылдамдығын бір жарым секундта 100 км/с-ға жеткізді (видео)

Өнертапқыш: Жаңа смарт бесікті енді аналар алыста отырып басқара алады

Адамды шынайылығымен таң қалдыратын гримерлік образдар (фото)

Талқылау