Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық жігіт 42 келі салмақ тастап, өзіне қалыңдық тапты

24 жастағы жігіттің басынан өткен хикаясы бойынша Калифорнияда кино түсіруге болар еді. Бұл ғажайып әрі махаббат хикаясы болатын: 13 апта ішінде ол арандай ашылған тәбетімен жинаған 42 келіні тастап, қалыңдығын тапты деп хабарлайды “Ақ Жайық”.

жігітттт
Ал, бар болғаны бірнеше ай бұрын оған 38 жас беріп, қыздар қашқақтап, отбасын құрамын деген тілегі орындалмас армандай болған еді.
Махаббатта жолы болмауымен қатар Серік демікпеден зардап шекті. Ал туыстары оның жайсыз қорылынан титықтайтын. Ол XXXXL өлшемдегі киім киетін. Бұл 64-ші өлшем. Бұған «дейінгі» Серіктің осындай қорқынышты портреті шындыққа сай келмейтіндей.

Отандық телеарнадан «Салмақхана» («Дом-весы») реалити-шоуы басталған кезде Серік Бисенғалиевке (суретте) жеңгесі «саған сол жерге бару керек» депті. Басты критерий – 110 келіден жоғары салмақ. Серіктің салмағы сәйкес келді. 177 см бойы бар жігіттің салмағы 147 келі болатын. Маусымда ол эссе-өтінім жолдап, бір жарым мың үміткермен бірге кастингтен өтеді.
Тамыз айында оған түсірілім тобы келіп, үш күн бойына реалити-шоуға үміткердің тіршілігін түсіреді. Содан кейін Алматыда қазылар алқасымен сұхбаттасудан өтіп, 30 тамызда облысымыздан бір өзі «Салмақханаға» өтеді. Бағдарламаға миллиондаған өтінім түскен, 16 толық адам мәреге өткен, ең кішісі 20 жастағы Жансаяның салмағы – 116 келі.

Ал ең салмақтысы – Женя Иманбаев. Оның жасы 28-де, бойы 160 см, салмағы 216 келі. Ең жасы үлкен қатысушы 48 жаста. 8 ер адам мен 8 әйел ғимаратқа кіріп, есік сырттан жабылды. Сыртқы әлемге олардың барлығы басқа адамдар болып шықты.

“Біздің психологымыз күні бойына: жуынғанда, бауымызды байлағанда, тамақ ішкенде… біз арылған салмақтағы сөмкелерді арқалап жүруге мәжбүр етті. Сол кезде мұндай салмақпен қалай өмір сүргенмін деп ойлайсың. Жоба аяқталған кезде менде тағы артық 10 келі салмақ қалды. Мен тұзсыз диетаны ұстанамын, жеңіл тамақ ішетін күндерді сақтаймын. Бұл – сіңімді тамақтану.

Бағдарлама диетологы қол жеткізген нәтижелерді сақтау үшін осы өмір салтын бір жыл ұстану керек деген кеңес берді. Содан кейін, әрине, спорт. Жобаға қатысушы, досым Дәулеттің жұбайы біздің құрметімізге бешбармақ әзірлепті. Көңілін қалдырмай, бір кесектен қазы жеп, екеуміз де әжетханаға жүгірдік. Ағзамыз қабылдамады. Бастапқыда, өте ауыр болған әрі қарнымыз ашқан кезде диетолог шыдап, әдеттен арылу үшін 21 күн керектігін айтқан еді”, – дейді жігіт.

жігіт111

Кастингтен кейін, жоба басталғанша досы Серікті өз үйіне түскі асқа шақырады. Сол кезде балдызы да келген екен. Серікке ұнап қалғаны сондай, ол бар батылдығын жинап, ештеңеден күмәні жоқ қызға “сен маған қатты ұнайсың, қазір ештеңе айтпа, мен қазір осындаймын, бірақ егер сен маған сенсең, мені 13 апта күтуге уәде берсең, мен өзгере аламын” деген екен.
Дәл осылай: келіп, көріп, сеніп, күтуді өтінген. Сезімі алдамапты – арманындағы қызға үш ай өткен соң ХL өлшемде – 10 өлшемге кішірейген күйде келіпті.
“Ол бағдарламадан кейін мені алғаш көрген кезде жылап жіберді. Менің екінші арманым осылай орындалды: мен махаббатқа деген үмітке қол жеткіздім”, – деп әңгімелейді ол.

Бұл жерде Серікке тағы да сәтін салып, оқиға жеделдей түскен. Өзінің Аравия жағалауындағы еңбегі сіңген жолдамасын ата-анасына тарту етуді ұйғарады. Бірақ ұйымдастырушылар шарт қойған: біз сенің арманыңды орындадық, ал сен келісімнің шартын орында, теңізге өзің кетуің керек деген.

“Мен Ұлжалғасқа бірге кетуді ұсындым, бірақ ол діндар отбасынан шыққан, өзі намаз оқиды, әкесі оны, оның пікірінше, бөтен адамға ілестіріп жіберуден үзілді-кесілді бас тартқан. Оның өзінің де көзқарасы сай келмейтін. Ойланып, ойланып, құдалар жібердім”, – дейді ол.

жігіт2222 — копия

26 желтоқсанда Серік Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде мұсылман шартымен некесін қиды. Ресми тіркелу және той салтанаты келесі жылдың мамырына белгіленген, ал қаңтарда жастар өздерінің романтикалық саяхаттарына аттанады

Талқылау