Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық шенеуніктің анасы келініне түйе саууды үйретті (фото)

Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желіге анасы мен келіншегінің түйе сауып жатқан суреттерді жария етті.

шыг

Фейсбук әлеуметтік желісіне жазба мен суреттер салған Шыңғыс Мұқан, анасының келініне түйе сауудан “шеберлік сыныбын” өткізгенін айтқан.

шынн

“Ауылға келдім. Бір апта бұрын түйеміз төлдеген екен. Мамам келініне түйе саууды көрсетіп жатыр. 35 жыл келіндік стажы бар ененің мастер-классы! Алаш екеуміз ботаны босатып, түйені иітіп жүрміз. Шардарадағы туып-өскен үйімнің ауласы. Қазақтың үйі тойсыз, қорасы қойсыз болмағай!” – деп жазды Шыңғыс Мұқан.

16

шые

Сурет астына пікірлер қалдырған, әлеуметтік желі қолданушылары жас шенеунік Шыңғыс пен оның келіншегінің бір-біріне ұқсайтындығын жазып, жас жұпқа жылы лебіздерін білдірген.

Талқылау