Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау әкімдігі мүгедек жанның мемлекеттен алған пәтерін тартып алған

Атырауда прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жанға пәтерін қайтарып алуға көмектесті.

20170630173334

Бұл туралы «Мой ГОРОД» басылымы хабарлады.

Мүгедек жігіт қамқоршысы қайтыс болғаннан кейін өзіне тиесілі пәтерден айырылып қала жаздаған. Бұл пәтерді мүмкіндігі шектеулі жігіт мемлекеттен көмек ретінде алыпты, алайда оны өзінің қамқоршысының атына жаздырған. Екеуінің тегі де бірдей Махмұдов екен.

«1996 жылы қамқоршы Махмұдов қайтыс болды, одан кейін мүмкіндігі шектеулі жігіттің қамқоршысы болып тағы бір Махмұдов тағайындалды. Қала әкімдігі жүргізген тексеріс барысында үй иесінің көз жұмғаны анықталып, заң бойынша оның иесіз қалғаны анықталған. Сондықтан оны мемлекетке қайтарып алу керек деген шешім шыққан», – деп хабарлады прокуратурадағылар.

Далада қалған мүмкіндігі шектеулі азамат облыстық прокуратураға арыз түсірген. Ақырында прокурорлар әкімдіктегілерге пәтердің жігітке берілгенін, ал қамқоршысы қайтыс болғаннан кейін оның далада қалып отырғанын дәлелдеп берген.

Пәтер мемлекетке қайтарылып қойғандықтан, билік өкілдері ер адамға жеңілдік жасап, баспананы нөлдік пайыздық үстемемен рәсімдеп беріп отыр. Яғни азамат жаңа үйін бір тиын ақша төлеместен тегін алды.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысындағы кент әкімі кішкентай баланы ажалдан арашалап қалды

Үш ай сайын некесін қидырған ақтөбелік келіншек жат ағымға қалай түскенін айтып берді (видео)

Шымкенттік үш кәсіпкер жол полициясының мұрнын бұзып, погонын жұлып тастады (видео)

“Нұр Отан” ҰБТ-дан ұпай жинай алмай қалған түлектерге көмектеседі

Талқылау