Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өзбек гастарбайтерлерін тонап келген

«Екі полицей бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан 800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырған», – деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінде.

big_a50b09516c5159ed31a

 

Сурет: www.idrive.kz 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Атырау қаласының №2 соты Атырау ІІБ екі полицейіне қатысты қылмыстық істі қарады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталушылар өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, Өзбекстан азаматтарын қорқытып, ақшалары мен ұялы телефондарын тартып алған.

«Екі полицей бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан 800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырған», – деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінде.

Сот үкіміне сәйкес, сотталушылар Н.Ф. мен Б.Р. ҚР ҚК 191-бабының 2- бөлігінің 2,3-тармақтарымен, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, құқық қорғау органдарында лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Талқылау