Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық қыз лифтіден шығамын деп шахтаға құлап кетті

Атырауда 22 жастағы бойжеткен лифтіден шығуға талпынып, шахтаға құлап кетті. Оқыс оқиға жексенбі күні таңертең тоғыз қабатты тұрғын үйде орын алған.

Атыраулық қыз лифтіден шығамын деп шахтаға құлап кетті

Бұл туралы “Мой город” порталы хабарлады.

Құтқарушыларға хабар таңғы сағат 6-да келіп түскен.

“Зардап шеккен қыз облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілді”, – деп хабарланды облыстық ТЖ департаментінен.

Қазіргі уақытта қыздың жағдайы бірқалыпты.
Оқыс оқиға болған кезде лифтіде төрт жолаушы болған, деп хабарлады қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат Хабиев.

“Лифтіні тексердік. Көтергіште ақау жоқ. Лифт төртінші мен бесінші қабаттың ортасында авариялық жағдайда тоқтап қалған соң, бойжеткен авариялық қызметті шақырудың орнына ліфтіден өз еркімен шығуға тырысқан. Бірақ шахтаға құлап кеткен. Оның артынан жас жігіт те шахтаға түскен. Құтқару шаралары барысында лифтіден екі адам, шахтадан екі адам шығарылды”, – деп түсіндірді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау