Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық көпбалалы ана қазақстандықтар жинап берген ақшаға үй сатып алды

Атыраудың Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылында бес баласын жазғыз өзі асырап отырған ана қазақстандықтардың материалдық көмек ретінде жинап берген қаражатына жеке сол ауылдан үй сатып алды.

Атыраулық көпбалалы ана қазақстандықтар жинап берген ақшаға үй сатып алды

Бұл туралы Мой Город порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Осы уақытқа дейін 5 баласымен жалдамалы пәтерлерде тұрып, күнелтіп жүрген
Самал Телеуова өзінің жеке үйіне бір апта бұрын көшіп барды. Көпбалалы жалғызбасты ана тұрғын үйді қазақстандықтар жинап берген ақшаға сатып алған. Самал Телеуованың тағдырын естіп, оның және балалардың өміріне бей-жай қарамаған Қазақстан халқы көпбалалы анаға материалдық көмек ретінде қаражат жинап берген екен.

Атыраулық көпбалалы ана қазақстандықтар жинап берген ақшаға үй сатып алды

“Желіде мен туралы мақала шыққан сәттен бастап, менің банктік шотыма шамамен 2,5 млн теңге түсті. Бұл қаражат маған туған ауылымнан шағын үй сатып алу үшін жеткілікті болды. Қалада осы ақшаға ештеңе ала алмас едім. Сондай-ақ, туыстарым да осында Құрманғазыда тұрады. Сондықтан, маған да балаларыма да өз ауылымда, туған-туыстарымның жанында тұру жақсы деп шештім», – деді көпбалалы ана.

Естеріңізге сала кетейік, күйеуі кетіп қалғаннан кейін 24 жастағы жас анасы Самал Телеуова бес баламен жалдамалы пәтерде қалған болатын. Қалтасында көк тиыны жоқ көпбалалы ана қайтып күнелтерін білмей,  БАҚ көмек сұраған. Жас ананың жағдайы туралы мақала шыққаннан екі күн өткен соң, қазақстандықтар Самалдың үйін азық-түлікке толтырып тастады. Ал оның банктік шотына еліміздің барлық аймақтарының тұрғындарынан ақша түсе бастаған. Көпбалалы ана осылайша, мейірімді жандардың арқасында баспаналы болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау