Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық каратеші әлем чемпионы атанды

Атыраулық каратеші Бауыржан Күмісқалиев каратэ-до киокушинкайдан әлем чемпионы атанды.

(KWF) екінші әлем чемпионаты елордамызда 3-5 қараша аралығында өтті. Жарысқа 29 елден 900-ден аса спортшы қатысты. Чемпионатта атыраулық Бауыржан Күмісқалиев жеңімпаз болды. Ол Болгария, Польша және Армения спортшыларынан жеңіп, финалда ресейлік спортшыны тізе бүктірді.

Бауыржан Күмісқалиев 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдесін ұтқан еді. Ал, 2014 жылы Әлем кубогінің қола жүлдегері болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау