Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық имамдар нөсерді дұғамен тоқтатуға кірісті

Бірнеше күннен бері толассыз жауған жауын салдарынан Атырауда бірнеше үй мен әлеуметтік маңызды нысандар суға кетіп жатыр. Осыны ескерген атыраулық имамдар толассыз жауған нөсерді тоқтату үшін дұға оқыды.

Безымянный

Бұл туралы BNews.kz тілшісі.

Шариғатта құрғақшылық басқан кезде жауын сұрау дұғасы, намазы бар. Алайда, жаңбыр молайып, адамдарды әбіржіткенде оған қатысты да дұға бар.

«Пайғамбарымыз жауын тоқтамай жауған кезде «О, Жаратқан! Алла Тағалам жаңбырды біздің үстімізге емес, маңайымызға, айналамызға жаудыра гөр. Бұл жаңбырды тау-тасқа, қыр-адырларға, сай-салаға және егін өсетін ашық далаға жаудыра» гөр деп дұға оқыған. Біздер мешіт жамағаттары болып бірге дұға тілеп жатырмыз. Ал, егер осы дұғаны әр адам үйінде өз отбасында оқып жаратқаннан тілек тілесе, жақсы болады», – дейді «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.

Айта кету керек, бүгінде Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жауын суынан зардап шеккендігі жөнінде 77 хабарлама түсіпті. Оның ішінде 3 мектеп 2 балабақша ғимараты бар. Қала көшелеріндегі судың деңгейі 7-10 сантиметрге көтерілген. Қазірде облыс орталығында су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Талқылау