Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық гей жұп өздерінің ерекше отбасылық өмірлері туралы айтты

Атыраулық Мақсат пен Максим тіркелмеген біржынысты некеде тұрады. Өздерін бақыттымыз дейтін жұп, бұл туралы бірақ жарияға жар салмайды. Өздерінің қарым-қатынастарын заңдастыру үшін Батыс Европаға кетуге ниетті.

мвмвм

Бұл туралы “Ақ Жайық” жазады.

Олар Қазақстанда гей екендерін ашық айтып, емін-еркін бірге тұру мүмкін емес деп есептейді.

“Алматы облысында тудым. Кішкентай кезімде ойнаған кезде, үнемі әйелдің образына кіретінмін. Бәрі сол кезден басталған сияқты. Өсе келе еркектерге деген сезім ояна бастады. Сондықтан мен өзімді сондаймын деп қабылдадым. Мен балалар үйінде өстім. Мүмкін туыстарым болса мен басқаша болар ма едім. Өз жайымда бірнеше адамға айтып көріп едім, олар менің бетіме түкірді. Ал қазір достарым басқа. Олар бәрін қалыпты қабылдайды”, – дейді Мақсат.

Ал Ресейде өмірге келген Максим, өзінің жыныстық ерекшелігін 20 жасында бір-ақ байқапты.

“Оған дейін қызбен жүріп, үйленемін деп ойладым. Бірақ, бірде жас жігітпен танысып, маған жігіттер ұнайтынын сездім. Біраз уақыт бойы бұған үйрене алмай, өз-өзіммен күресіп, күйзеліске де түстім. Ақырында берілуге мәжбүр болдым. Менің тағдырым осы сияқты”, – дейді ол.

Бір-бірін әлеуметтік желіден тапқан олар, 2015 жылдың наурызында отбасын құрыпты.

“Біздер үйдегі жұмысты бөлмейміз. Мен жергілікті компанияда менеджер болып істеймін, ал Максим – шетелдік компанияда инженер. Демалыс күндері үйді бірге тазалаймыз. Әдетте екі дос секілді қыдырамыз. Әрине өзіміз туралы ашып айту мұнда қауіпті. Сондықтан болашақта Батыс Европаға барғымыз келеді. Біз адам өлтірмейміз, ешкімге зиян келтірмейміз, осылай туғанымыз үшін кінәлі емеспіз ғой. Сондықтан бізді жау санауды қою керек”, – дейді Мақсат.

Осы ретте бұл мәселеге қатысты екі маманның пікірін білген едік.

“Бұл өте үлкен күнә. Әйелдің әйелмен, ердің ермен жақындасуын Алла кешірмейді, өте ауыр жазалайды. Біз мешітке келген адамдарға күнә туралы айтып, тура жолға салуға тырысамыз”, – дейді Атырау облыстық мешітінің наиб-имамы Мұрат Мұстафаев.

“Гомосексуализм психотерапевтік жолмен емделеді. Ал ұлғайып кеткен болса адамның бетін бері қарату қиын. Жалпы, кішкентай кезінде қыздардың қуыршағымен ойнап, киімін кисе гей болып өседі деген қате ұғым бар. Бұл ретте отбасылық тәрбиенің маңызы зор екенін білуіміз керек”, – дейді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Ғайнижамал Өмірова.

Оқи отырыңыз:

Айсұлтан Назарбаев не себепті есірткіге әуестенгенін айтып берді

Хиджаб киген қазақ әйел әдепсіз сөз айтып автобусты басына көтерді (видео)

Оралда өртенген үй ішінен 3 адамның мүрдесі табылды

Қызылорда облысында оқу басталмай жатып оқушыларды көше тазалауға мәжбүрлеп қойды (видео)

Талқылау