Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық әйел түлектердің мектеп бітіру кешін ұйымдастырамын деп ата-аналарды сан соқтырып кеткен

Атырау тұрғыны керемет мерекелік кеш жасап беруге уәде етіп мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарының ақшаларын жинап алған. Одан кейін ол әйелді ешкім де көрмепті.

money1

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

“Жергілікті тұрғынның үстінен полицияға жеті бірдей адамнан арыз келіп түскен. Оның алтауынан алаяқ 55 мың теңгеден алған, ал біреуінен 52 мың теңге. Ал ақырында мерекелік кеш ұйымдастырылмаған, және ата-аналар әйелден де, ақшадан да көз жазып қалыпты”, – деп хабарлайды ІІД.

Қазіргі таңда құқық қорғаушылар әйелді әлі тапқан жоқ. Полицейлер “Алаяқтық” бабы бойынша іс қозғап, іздеу жариялады.

Белгілі болғандай ол әйел бұрын да алаяқтығы үшін осындай жауапкершілікке тартылған екен. Ол қазіргі таңда жалпы сомасы 382 мың теңгені алып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Мұхтар Әбілязовқа қатысты сот үкімі шықты

Сотта Храпунов пен Әбілязовтың қылмыстық схемасы әшкереленді

Мойнында қарызы бар атышулы Үсеновтің шетелге қалай шыққаны белгілі болды

Елордалық таксист шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Талқылау