Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық 3 мыңның затын ұрлаймын деп 2 жылға сотталды

Атырау облысы Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабы 1 бөлігімен сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.

мак

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың ақпан айында сотталушы Ж. алкогольді мас күйінде бөтен мүлікті ашық жымқыру мақсатында Мақат поселкесінде орналасқан «Ару» сауда орталығының ішінен құны 3 000 теңгеге бағаланған «Мак пищевой» кондитерлік қоспасын ұрлаған.

Сот үкімімен Ж. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Талқылау