Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудың құрылысына жауапты шенеуніктер парамен ұсталды

Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен оның орынбасары парамен ұсталды. Және оларға бірнеше рет пара ұсынған фирма басшысы да қолға түсті.

9298

Бөлім басшысы Серік Жұмашбаев пен орынбасары Самат Қайыровқа орта мектептерге жапсарлас ғимарат салу үшін бөлінген қыруар қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.

Құзырлы орган оларды пара алу сәтінде қолға түсірмеген. Кәсіпкерлерден түскен арыз негізінде бірнеше ай аңдып жүріп, айғақ жинапты. Одан соң ғана айып тағылып отыр. Яғни қос шенеунік құрылыс фирмаларымен алдын-ала келісіп, 9 мектепке бөлінген қаражаттың 46 миллионын қарпыған. Бұл сома әлі де өсуі мүмкін.

Өйткені тексеріс әлі біткен жоқ. Құрылыс бөлімінің басшысы уақытша қамауға алынса, орынбасары мен құрылыс фирмасының өкіліне қатысты қандай шара қолданылатыны әлі белгісіз.

Талқылау