Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы атақты мейрамхана тайғақ баспалдағы үшін 2 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

Атырауда сот кіре берістегі баспалдақта тайып құлап, жіліншігін сындырған мейрамханаға келушінің құқығын қорғады.

28372700.er6posv8ow

Көрнекі сурет: www.osd.ru 

Іс материалдары бойынша, өткен жылы «Самұрық» мейрамханасында жаңа жылдық салтанат өткізу езінде зардап шегуші тайып құлаған, Травматология бөлімшесінде оған «сол жақ жіліншігі сынған» деген диагноз қойылды.

«Cот бұл күні күшті қар жауған, ал жауапкер халыққа салтанат өткізу қызметін көрсету үстінде оның қауіпсіәздігін қамтамасыз етпеген, деп атап өтті. Істегі барлық мән-жайды анықтаған сот  Досалиеваның денсаулығына келтірген залал үшін «TurKaz Caspyi»,ЖШС өтемақы өндіріп беруі тиіс  деген қорытындыға келді”, – делінген Атырау қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот зардап шегушінің талап-шағымын ішінара қанағаттандырды: оның пайдасында матеиралдық және моральдық келтірілген залалдың орнын толытыруды сөйтіп,  1 813 256 теңге өндіріліп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Жіберіп алмаңыз:

Пара ретінде қой алған ақтөбелік полицейлерге 1,7 миллион теңге айыппұл салынды

Қызылорда облысында ауыл әкімі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Рудныйда салық қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды

Астананың бұрынғы полицейлері пара алғанына өкінді

Талқылау