Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы мұнай компаниясының асханасында шетелдік жұмысшыларға құпия түрде банан таратылады (видео)

Желіде Қарабатан мұнай кен орынындағы жұмысшылар асханасында түсірілген видео пайда болды.

5656

Кадрда тамақ пен сусын ұсынушы жігіттің жергілікті қызметкерлерден бананды жасырып ұстап тұрғаны байқалады. Ал шетелдік жұмысшылар келген кезде көкөністер үстел үстіне шығарылған. Бейнежазба жариялана салысымен қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

“Кез-келген шетелдік компанияда солай. Асханада қазақстандықтың тәрелкесіне тамақты қалай болса солай құйып бере салады, ал шетелдікке жылы қабақпен күліп ұсынады. Бұл жерде бәрі кінәлі – жоғарыдағы басшылардан бастап отбасындағы тәрбиеге дейін”, – деп жазады желі қолданушыларының бірі.

“Бұл басшылықтың бұйрығымен жасалып отыр. Болмаса тамақ үлестіретін адамға бәрібір. Жігітке ашуланудың керегі шамалы. Ол өз жұмысын істеп тұр”, – дейді енді бірі.

Пікір жазушылардың сөзінше, мұндай жағдай шетелдік азаматтар жұмыс істейтін атыраулық компаниялардың барлығына тән екен.

Оқи отырыңыз:

Автобуста домбырамен орысша ән айтқан әйел желіде жұлдызға айналды (видео)

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Қалыңдықтың басына ішімдік құйып мазақ еткен азамат елдің ашуына тиді (видео)

Дөңгелектің соңынан қуа жөнелген алматылық полицейлер күлкіге қалды (видео)

Талқылау