Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жетіге толған баланың бойы 2 жасар күйінде қалып кеткен

Атырауда жеті жастағы Мадияс өзге балалардан ерекше. Екі жасар сәби қалпында қалып қойған ұлдарының жағдайына ата-анасы алаңдаулы.

вввв

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Дәрігерлердің Мадиясқа қойған диагнозы ергежейлі. Ал, анасының айтуынша, кішкентай ұлдың денсаулығын қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп қаражат қажет екен.

Мадияс Баев – Құлсары қаласының кішкентай тұрғыны. Тумысынан бойы өспей қалған баланың тағдыры қиын. Мадияс Баевты бір көргеннен жеті жаста деп айту қиын. Бірақ, екі жастағы баланың қалпындағы ұлдарының қатарынан қалып бара жатқанына әсіресе ата-анасы алаңдайды. Ал Мадиястың арманы асқақ.

Шынашақтай ұлдың “шытырманға” толы өмір баяны өзгелерге ұқсамайды. Дәрігерлер Мадиясқа ергежейлі, яғни медицина тілімен айтқанда Лорон Синдромы деп диагноз қойған. Бірақ, оның бойын өсіруге әлі де мүмкіндік бар көрінеді. Ол үшін жалпы құны 60 мың АҚШ доллары тұратын дәріні қабылдау керек екен.

“Есептеп қараған кезде, маған врачтар 40 флакон жазып берді. Сол 40 флаконның өзі деген 60 мың доллар тұрады. Менің оған қаражатым жетпейді. Жолдасым вахтовыйда жұмыс жасайды. 15 күн жасап, 15 күн демалады. Өзіміз квартирда тұрамыз. Квартирамыздан ауыспайды”, – дейді анасы Нұргүл Баева.

“Мадиястың бойының жетілуі үшін барымызды салып жатырмыз, бірақ, қолымыз қысқа болып тұр” деген анасы Нұргүл елдегі жомарт жандардан көмек сұрайды.

Талқылау