Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жер дауына қатысты сотталған белсенділерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Атырауда қос белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты аппелляциялық сот ісіне бүгін нүкте қойылды. Жаңа ғана аяқталған істе сот бұрынғы шешімді еш өзгеріссіз қалдырған. Сондықтан енді олар Жоғарғы сотқа тағы шағым түсіруге дайындалып жатыр.

2016-12-22-zemelniy-miting-prigovor

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Атырауда “заңсыз митингтер ұйымдастырды”, “жалған ақпараттар таратты”, “ұлтараздық тудырды” деп 5 жылға сотталған атыраулық қос белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянның апелляциялық шағымы 16 қаңтарда басталған еді.  Екі азамат сотқа онлайн арқылы қатыстырылды. Апелляциялық шағымды қарау барысында Макс Боқаевтың қорғаушысы болған Жанаргүл Боқаева бірінші инстанция сотының шешімімен барлық детальдары бойынша келіспейтінін білдірген. Алайда, прокурор Айнұр Еңсепова үкімді күшінде қалдыруды сұраған болатын. Ал сот сол шешімді еш өзгерткен жоқ.

 

Талқылау