Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жанармай тасымалдайтын жүк көлігі жарылды (бейне)

Атырауда жанармай тасымалдайтын  көлік жарылып, бір адам қайтыс болды.

Өрт

Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі  хабарлаған.

Аталған қайғылы оқиға бойынша құтқару қызметіне ең бірінші болып куәгерлер хабарлаған. Олардың бірі өртеніп жатқан көлікті бейнекамераға түсіріп үлгеріпті.

ТЖК-ның ресми өкілі хабарлағандай, 23 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында Атырауда жанармай тасымалдайтын көліктің цистернасында дәнекерлеу жұмысын жүргізіп жатқан тұста ұшқын өртке айналған.

Өрт сөндірушілер тек  жарты сағаттан кейін өртті ауыздықтағанын айтып отыр.Жарылыс салдарынан 1962 жылы туған жұмысшы көз жұмды. Өртті сөндіруге 7 адам қатысқан.

Талқылау