Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жаңа танысқан жігітіне ашуланған келіншек оның көлігінің тас-талқанын шығарды

Келіншекпен көңіл көтерем деп көлігін құртты! Атырауда жаңа танысқан жігітпен әңгімесі жараспаған әйел оның көлігінің тас-талқанын шығарған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

выыы

Сурет drive2.ru

Атыраулық жігіт Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан келген келіншекпен танысқан. Бұрын тұрмыста болған 23 жастағы әйел оны досымен бірге құрбысы екеуі тұрып жатқан пәтерге қонаққа шақырыпты. Бірақ, түнімен ішіп-жеп, көңіл-көтерген жастардың арасында таңға жуық дау-дамай шықса керек.

Осыған ашуланып, әрі ішімдіктің буымен келіншек бойдақ жігіттің Приорасының быт-шытын шығарды. Әйнектерін сындырғаны аздай, кірпішпен ұрып, капотын майыстырған. Долы әйелдің әрекетін қарама-қарсы үйдің тұрғыны түсіріп алыпты. Ал тәртіп сақшыларын оқиға орнына көлік иесінің өзі шақырған көрінеді.

Талқылау