Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жүзден аса отбасы құлағалы тұрған апатты жатақханада тұрып жатыр

Атырауда жүзден астам отбасы тұратын апатты жатақхана тұрғындарды үрейлендіріп отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған ғимарат бүгінгі күні тұруға жарамсыз дейді халық. Жанайқайларын билікке жеткізгісі келген көпшілік, алдағы қыстан аман шықпауымыз мүмкін дейді.

атырау жатакхана 180817

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қуандықовтар отбасының аядай жерді мекен еткендеріне жиырма жылға жуықтапты. Тар бөлмеде күн кешкен көпбалалы отбасының барар жер, басар тауы жоқ. Бар үміті биліктегілерде болғанымен, мұңына ешбірі құлақ түрмепті.

«Бір бөлмеде 12 адам отырмыз. Мына колидордың бойында тоқтың бәрі үзіліп жатыр. Құйттай балдардан қорқамыз. Алдыңғы әзірде бір бала тоққа түсті. ол екі қолынан айырылды», – дейді қала тұрғыны Аққаным Қуандықова.

«2015 жылдан бері 2020 бағдарламасы бойынша біздің үй сносқа кетеді деп білінген. Кеше ғана барып келді қыздар, бірақ, «ешқандай снос жоқ сендерге, осында тұрасыңдар» депті. Енді біздің үкімет басынан сұрайтынымыз тек қана осында тұрып жатқан халықтың көз жасын көрсе екен», – дейді қала тұрғыны Гүлмира Отарбаева.

Жатақхана тұрғындары түсірілім тобына жанайқайларын осылай жеткізді. Айтуларынша алпыс жылға жуықтаған баспаналарының тозығы жеткен. Жүзден астам отбасы тұратын мына үй құлаудың аз-ақ алдында. Биліктегілердің «көшіреміз дегіне үш жылдан астам уақыт өтті» дейді ашулы ағайын. Ал, қалалық әкімшілік баспананың жайсыздығынан хабардар екен.

«Қазіргі кезде бұл аталған үйдің тұрғындары құлатуға жатқызылатын үйлердің тізіміне енгізілген. Жаңадан бой көтеріп жатқан «Береке» ықшам ауданынан 240 пәтерлік төрт тұрғын үйжің құрылысын салу жоспарланып отыр. аталған тұрғын үйдің тұрғындары сол үйге көшірілетін болады», – дейді Атырау қалалық әкімшілігінің баспасөз хатшысы Ардақ Жуасов.

Қала іргесінен құрылысы басталған мына зәулім үйлерге жатақхана тұрғындары көшіріледі деген. Бірақ, биылғы жылға жоспарланбаған. Ал, тұрғындар болса тұрып жатқан баспаналарының қысқа ешбір дайындығы жоқ деп налып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде енді 2 жастан асқан сәбилер де жұмысқа тұра алады

Мағжан Жұмабаевтың құпияланған қолжазбасы Астанадағы көрмеге қойылады

Павлодарда жас жігіттерді аяусыз сабаған полицейлер жұмыстан қуылды

Алматыда тұрақтағы орын үшін ер адамды сабап тастаған

Талқылау