Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жүкті келіншекті құрсақтағы сәбиімен бірге өлтіріп алған дәрігерлер сотталды

32 жастағы Гүлдана Жекенова мен оның баласының өліміне 3 дәрігер кінәлі деп танылған. Дегенмен оларға 1 жылдан 3 жылға дейін шартты жаза кесілді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

атырауда олтіріп алган

Сотталушыларға «өздерінің кәсіби міндеттерін дұрыс атқармады» деген айып тағылған болатын. Сот кезінде үшеуі де өз кінәларын мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келуге өтініш білдіріпті. Тіпті жәбірленуші тарапқа 13 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіп, олардың кешірімін де алған.

Естеріңізге салсақ, Гүлдана Жекенова былтыр желтоқсанда Атырау қалалық перзентханасында ауа жетпей және жатырының жыртылып кетуі салдарынан көз жұмған еді. Келіншек пен оның шаранасының өліміне байланысты арнайы комиссия құрылған болатын. Олар дер кезінде қажетті ем-домды жасағанда ана мен баланы аман алып қалуға болады деген қорытындыға келген-ді.

Жіберіп алмаңыз:

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, күшті дауыл соғады

Қостанайда екі бойжеткен ұры жігіттерді қолға түсіріп әріптесінің сөмкесін қайтарып берді

Депутат: Қазақстан ипотекалық компаниясының салақтығынан мыңдаған адам баспанасыз қалды

Алматы облысында көршісі 5 балалы мүгедек әйелді ұрып-соғып зорлап кеткен

Талқылау