Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда экс-полицей өзін қылмысқа әріптестерінің қалай итермелегенін айтты

5 сәуір күні Атырауда мамандандырылған ауданаралық сотта экс-полицей Манарбек Өтеуовтың қылмыстық ісіне қатысты отырыс болып өтті.

маы

Сурет Мой Город

Бұл туралы Ақжайық хабарлайды.

Өтеуов Дмитрий Ким есімді азаматты өлтірді деп айыпталған болатын. Сот барысында Манарбек Өтеуов кінәні Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция басшысы Нұрболат Қабдешев пен ІІБ тағы бір басшысы Бейбіт Шалтеновке ысырып салды.

“Бәйтерек” базары аумағында мен есірткісі бар бірнеше жігітті ұстап алдым. Бұл туралы мен Бейбіт Шалтеновке хабарладым. Ол “жұмыс істе” деді. Бұл сөзі “онлардан ақша талап ет” дегенді білдіреді. Сол кезде қасымда Азидолла есімді әріптесім де болды. Біз ол балалардан 500 мың теңге алдық та, Шалтеновке әкеліп бердік. Ол маған 100 мың теңгесін берді де, қалғанын алып қалды. Біраз уақыттан соң ол маған WhatsApp арқылы әлгі балалардан ішкі істер басқармасына арыз түскенін жеткізді. Мен басшылыққа бардым. Онда төрт адам – Марат Тағаниязов, Шалтенов, Жұмабаев және мен болдым. Мен өз кінәмді мойындап ақша алғанымды айттым. Шалтеновтің кабинетіне келіп сұрап едім, ол ақшаны жаратып тастағанын айтты. Сөйтті де ол көп ұзамай демалысқа шығып кетті”, – дейді Өтеуов.

Өтеуовтың сөзінше, Тағаниязов одан рапорт жазып жұмыстан кетуді немесе әлгілерге ақшаны қайтару керектігін айтқан.

“Мен “Каспийбанктен” 300 мың теңге алып…букмекерлік кеңседе ұтылып қалдым. Сосын маған танысым Өзбекстан азаматы Асан Құрбанбаев келіп оның өте бай танысы бар екенін айтты. Жақындары жуырда шипажайға демалуға кетеді екен. Есіңізде ме, Нұрболат, мен сізге басшы ғой деп келіп, айтып жағдайды түсіндіріп, неліктен қылмысқа бара жатқанымды айттым. Ал сіз “Егер жасасаң, ешкім куә болмайтындай дұрыстап жаса” дедіңіз”, – деді Өтеуов.

Ал Шалтенов мұндай әңгіменің болмағанын айтты.

“Менде Шалтеновке тағы бір сұрақ бар: сіз біздің кабинеттегі әңгімеміз туралы білесіз ғой. 500 мың теңге жайлы не айтасыз?”, – деп сұрады сотталушы.

“Ақша туралы өтірік айтып тұрсыз. Құдай бәрін көріп тұр”, – деп жауап берді Шалтенов.

Екі әйелді тонағаннан кейін 2015 жылы 29 шілде де Өзбекстан азаматы А. Құрбанбаев Имановқа хабарласып өзінің паспортын жоғалтқанын, сол паспортты Өтеуов пайдаланып, мұны үнемі қылмысқа итермелегенін айтқан. Бірақ, Иманов бұл жағдайды есепке алмаған. Ал 5-ші тамызда Дмитрий Кимнің өлімі туралы ақпарат шықты.

Талқылау