Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда басшыларын айыптаған экс-полицей 22 жылға сотталды

Атырау қалалық ішкі істер басқармасы қалта ұрлығымен күрес бөлімінің бұрынғы басшысы 22 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

оьртп

Сурет ktk.kz

“Сот Атырау қалалық ішкі істер басқармасы қалта ұрлығымен күрес бөлімінің бұрынғы басшысы Манарбек Өтеуовты ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 тармағы, 385 бабы 2 тармағы, 28, 191, 361, 188, 380 баптары бойынша айыпты деп тауып, оны 22 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді”, – делінген Атырау облыстық сотының баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, оның сыбайласы Өзбекстан азаматы Асан Құрбанбаев та айыпталып, 4 жыл арқалады.

2015 жылдың тамыз айында Атырау тұрғыны өзінің туысы Өзбекстан азаматы Д. Кимнің жоғалып кеткенін және сейфінен әшекейлер мен ақша ұрланғанын айтып шағымданған еді. Атырау облыстық ІІД жедел тобы бұл іске күдікті ретінде жоғалып кеткен азаматтың жерлесі Манарбек Өтеуовты ұстаған. Кейінірек бірнеше дене жарақатымен жоғалып кеткен азаматтың денесі де табылды. Зерттеу барысында Өтеуовтың кінәлары толықтай дәлелденді.

М. Өтеуов зардап шегушіге жалпы 1,5 млн теңге шығын келтірген. Қылмыстық іс материалдарымен танысып шыққан соң, қайта шағым түсірген айыпталушы бәрібір бұлтартпас айғақтар негізінде тағылған кінәдан қашып құтыла алмады. Ол қылмысқа басшылар итермеледі деп, соларды айыптаған болатын.

Бұған дейін экс-полицей өзін қылмысқа әріптестерінің қалай итермелегенін айтқаны және 23 жылға сотталуы мүмкін екендігі туралы жазған едік.

Талқылау