Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ұзақ уақыт бойы жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

Атырау облыстық ІІД ҰҚКБ қызметкерлері жеңгетайлық жасады деп күдіктелген Атырау қаласының үш тұрғынын ұстады.

detail_cbc6f3be21906c951cf5adc8afbd9bee

Сурет: lenta.ru 

Бұл туралы Ақжайық басылымы хабарлайды.

“Ұсталушы екі ер адам мен әйел адам ұзақ уақыт бойына жеңгетайлықпен айналысып, жезөкшелерден қоқан лоққы көрсету және қорқыту арқылы ақша алумен айналысқан деп күдіктеліп отыр”, – дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 309-бабы (” Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау”), 126-бабы (“Бас бостандығынан заңсыз айыру”), 194-бабы (“Қорқытып алу”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Бұдан басқа, ұсталушылардың біріне қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1-тармағы (“Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету”) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот оларды қамауға алуға санкция берді, үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау