Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ұрылар тура полицейлердің көзінше дүкен тонамақ болды

Атырауда бірнеше адам 24 сәуір күні таңғы 4.30 шамасында дүкен тонамақ болған. Сол кезде кезекшіліктен қайтып келе жатқан полицейлер ұрыларды байқап қалады.

6565

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Азаттық даңғылының бойымен жұмыстан қайтып келе жатқан тәртіп сақшылары дүкенге басып кірмекші болған жігіттерді байқайды.

“Жас жігіттердің бірі терезені сындырып, ішке кіруге талпынады. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел қимылдап, ұрлыққа қатысушылардың бәрі ұсталды”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Дүкеннің терезесін сындырған 24 жастағы жігіт дүкен иесіне 100 мың теңге көлемінде шығында өтеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Мамыр айындағы мерекелерде бір апта демаламыз

Шымкентте жылдамдықты 260-қа жеткізіп мақтанған жүргізуші жол апатына ұшырады (видео)

Ақтөбеде 4 тәулікке жоғалып кеткен оқушы қыз пәктігінен айырылған

Мас ер адам полицей қызды теуіп, сабап тастады (видео)

Талқылау