Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Ұлттық ұлан жауынгері өлім аузындағы бүлдіршінге көмек көрсетіп, аман алып қалды

Атырау қаласында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546-әскери бөлімінің қызметкері, келісімшарт қызметінің сержанты Мұхтар Өрбісінов жедел жәрдем келгенге дейін өлім аузындағы жас жарымдағы бүлдіршінге көмек көрсетіп, аман алып қалды.

куткарушыыы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл оқиға 9 қаңтар күні орын алған. Бірақ ол туралы 5546-әскери бөлім командирі, подполковник Бегайдар Құрттыбаевтың атына баланың ата-анасы жазған хаттан кейін ғана белгілі болды. Онда қызы Мәдинаны құтқарып қалғаны үшін әкесі Ерлан Дәулетқалиев шынайы ризашылығын білдірген.

Сол күні кешкі сағат 22.00 шамасында Өрбісінов өз үйінің жанындағы «Атаба» дүкеніне кіргенде, есінен танып қалған кішкентай қызын құтқармақ болып жанталасқан ер адамды көреді. Температурасы 40,5 градусқа дейін көтерілген қыз есінен айырылып, сандырақтай бастайды.

Сержант сол бойда жедел жәрдем шақырып, ол келгенге дейін үйінде өзінің зайыбы, жедел жәрдем фельдшері Самалмен бірге қызға алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. Қызуын түсіріп, денесіне сылау жасайды. Ізінше келген жәдел жәрдем дәрігері баланы құтқаруда дұрыс қадам жасалғанын атап көрсетеді.

Аталмыш бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Саян Аманжолов кішкентай Мәдинаны құтқарғаны үшін сержант Өрбісіновтің марапатқа ұсынылғанын мәлім етті.

Талқылау