Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда толассыз жауынның салдарынан тұрғындар баспаналарын бүтіндей алмай әлек

Атырауда бір апта бойы жауған жауыннан тұрғындар баспаналарын бүтіндей алмай әлек. Кешелі-бері толассыз жауған жаңбыр кесірінен бүгін тағы да облыстағы бірнеше үйді су басқан.

20150512192340

Фото: inform.kz

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

Жауыннан жапа шеккендердің тағы бірі – Ақбаевтар отбасы. Төрт бөлмемізге түгелдей су кірді деген Қамия апай балаларымның баратын жері жоқ деп мұңын шақты. Айтуынша былтырғы жағдай тағы да қайталанған.

Қамия апай үйін су басқалы бері барар жерлері болмағандықтан, қуықтай бөлмені пана тұтып отыр. Былтырғы жылы биліктегілер қаржылай көмек көрсеткенімен, биыл қол ұшын созбапты.

“Төрт күннен бері әкімшілікке барып жүрмін. Бүгін звондап ала алмай отырмын. Түнде ойбай әлгі 112 неге соқпайсыңдар дейді, 112-ге соқсам әкімшіліке соқ дейді. Әкімшілікке соқсам көтермейді. Мен барайын десем жағдайым жоқ. Шырағым өзім аурумын. Бес бала бар осы үйде”, – дейді қала тұрғыны Қамия Дәулетова.

Бес баласына пана тауып бере алмаған ана су сорғызудан шаршаған. Ал, көршілері болса, әкімшіліктен еш қайыр болмайтынын алға тартады.

“Жкхмен бірлесіп жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Арнайы комиссия құрылды. Зардап шеккен үйлердің жағдайын анықтап, сосын әлеуметтік көмек көрсететін боламыз”, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай Айтбаев.

Ақжағалылардың айтуынша, дәл бүгін суға кеткендерден 165 арыз түскен. Ал, жағдайға байланысты 35 техника жұмылдырылыпты.


Оқи отырыңыз:

Атырауда су астында қалған жұрт әкімдерінің шаңын қақты

Атырауда селфиге түсудің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды

 

Талқылау