Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда теракт жасағандардың бірі Қазақстанға оралады

Атырауда теракт жасады деп күдіктелгендердің бірі Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Атырауда теракт жасағандардың бірі Қазақстанға оралады

Бас прокуратураның мәліметінше, Елдос Күншығаров 2011 жылы Атырауда жасаған қылмысынан кейін бой тасалаған. Сол кезде облыстық әкімдік пен прокуратура маңында екі жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан ешкім құрбан болған жоқ. Тек жанкештінің өзі ажал құшқан еді. Ал терактіні ұйымдастырушылар қашып кетуге тырысты. Нәтижесінде Күншығаров Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында ұсталды. Ендігі ол қамауда отыр.

Атыраудағы терактіге қатысты іс бойынша жалпы саны 3 адам сотталды. Олар 14 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал Күншығаров ұсталғандардың төртіншісі болып отыр. Тағы 5 күдікті іздестірілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау