Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал спортшы өз қаражатына спорт кешенін салды

Атыраудағы Самал ықшамауданында жатақханасымен бірге жаңа спорт кешені ашылды. Кешен ғимаратын спорт шебері Айбар Есенғалив өз қаражатына салды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Спорт кешеніне ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, Білім беру ісінің үздігі, атақты балуан Мәлік Сүлейменовтің есімі берілді.

“Атырауда осындай спорт кешенінің жетіспеушілігі байқалатын. Осыны ескеріп, 2015 жылы жаңа нысан құрылысын қолға алған едік. Оған ұстазыма деген зор құрметтің белгісі ретінде Мәлік Сүлейменовтің есімін беруді жөн санадым. Мұнда 34 жатын бөлмесі және 32 спортшы мен екі жаттықтырушыға есептелген жаттығу залы, асхана бар. 6 мен 13 жас шамасындағы 60 бала келіп, жекпе-жек спортының барлық түрінен де жаттыға алады, – дейді Айбар Есенғалиев.

Ашылу салтанаты соңында спорт кешенінің алғашқы тәрбиеленушілері джиу-джитсу спортының әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Айта кетйік, Мәлік Сүлейменов – Атыраудағы қазақ күресінің негізін қалаушы, Қазақ КСР-нің спорт шебері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Тағы оқыңыз:

Головкин-Альварес жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды

Мұхамеджан Тазабек: Головкин біздің балалардай емес, миллиондарды кешіп жүргеніне қарамай тым қарапайым екен

Головкин-Альварес айқасы үш кездесуге дейін созылуы мүмкін

Ашаршылықтан соң қайта табысқан әке мен баланың аянышты тағдыры

Талқылау