Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда соңғы екі ай ішінде ана мен бала өлімі күрт артқан

Атырауда соңғы екі ай уақыт ішінде осымен үшінші рет ана мен бала өлімі тіркеліп отыр. Жақында ғана кішкентайлы болуды армандаған Гүлдана Жекенова төртінші ұлын өмірге әкеле алмай перзентханада көз жұмған.

11257712

Фото: Кирилл Брага

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Есбол ауылдық округіндегі Ізбасаровтар отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Жолдасының айтуынша, отанасы Гүлдана Жекенова 25 қарашада портал арқылы облысқа жолдама алған. Алайда, облыстық перзентханада бір күн түнеп, ертеңінде үйіне қайтарылған. Алайда, сол күні толғатып, қалалық перзентханаға барады. Өкініштісі сол, төртінші сәбиін өмірге әкелмек болған Гүлдана Жекенова қалалық перзентханада сәбиімен бірге көз жұмды дейді жақындары. «Қосағамның өлімі ақ халаттылардың салғыртығынан болды» деген Махамбет Ізбасаровтың үш баласы жетім қалды.

“Екі бірдей адамды тірілей өлтіру не масқара? Мен мына дәрігерлерді жазасыз қалдырмаймыз. Үш балам шиеттей жетім қалып отыр ғой”, – деді Гүлдана Жекенованың жолдасы Махамбет Ізбасаров.

Гүлдананың өліміне дәрігерлерді кіналайтындардың тағы бірі туған сіңлісі. Айтуынша Гүлдана перзентханада болған уақытта күні түні қасында болыпты.

“Қараған жоқ. Сөздің шынына келгенде. Менің кінәм ол жерде он бес минут үлгергенде пятьнадцать минут не успела деп айтты кешірім сұрап”, – дейді Гүлдана Жекенованың сіңлісі Жанарыс Жекенова.

Өмірге сәби әкелмек болған Жекенова Гүлдана Атырау қалалық перзентханасында жан тапсырған. Ағайындарының айтуынша аяғы ауыр келіншекті ақ халаттылар аман алып қала алмапты. Бізде мәселенің мән-жайын анықтамақ ниетте Атырау қалалық перзентханасына келгенде мұндағы басшылықпен тілдесе алмадық.

Бірақ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар түсірілім тобымен кездесуден бас тартып, тек қана телефон арқылы түсіндіруге тырысты. Алайда, дәрігерлердің не кінәлі не кінәсіз екендігін айта алмады.

“Астанадан, Алматыдан сарапшылар келеді. Сол кісілер гестологиясын қарайды, микроскоптан. Анализдерін қарап, содан кейін анықтайды”, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Дина Камелова.

Ал отанасы мен сәбиінің қабірін құшақтап қалған Махамбет Ізбасаров құзырлы орындарға хат жазып, жарының өліміне кінәлі жандарды анықтаймыз деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Босану кезінде көз жұмған әйелдің анасы бас дәрігерді ұрып тастады

Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды

Ресейде 36 жастағы келіншек лидокаин екпесінен кейін көз жұмды

Жасыңызға байланысты құрсақ көтеру мүмкіндігіңізді тексеріп көріңіз

Талқылау