Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда “Сарайшық” базары өртенді

Атыраудағы Нұрсая ықшам ауданында орналасқан “Сарайшық” базары өртке оранды.

9eabea32271f9d0e4a44051ae36579a9

Бұл туралы “Ақ Жайық” хабарлайды.

Өрт туралы хабар төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөдіміне түн жарымда келіп түскен. Өрт базардың азық-түлік сататын бөлімінде тұтанған. Өрт бір сағаттың ішінде толықтай өшірілген.

200f4918b81b4406d9d0f668f058b4cd

Базар әкімшілігінің жетекшісі Нұржамал Толқынбаева өрттің шығу себебі электр жүйесінің әсерінен болуы мүмкін дейді.

ac3a93a1f0e370d269a6e420a566b456

“Жапқан кезде барлығын тексеріп шықтық. Бәрі дұрыс болған. Ғимараттың ішінде екі банкомат бар: бірі “Халық банк”, екіншісі “Цесна банк”. Сондай-ақ терминалдар да болған, бірақ оларды тоқтан ажыратып үлгердік. Газды наурыз айының аяғында ажыратып тастағанбыз. Күн өте қатты ыстық. Мүмкін содан да болар”, – дейді ол.

Талқылау