Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда полиция қызметкерлері көпірден Жайыққа секірген қызды құтқарды

Құтқарылған қыз өзінің түсініктемесінде апасы мен жездесі оның атына несие ресімдеп, жапон көлігін алып, қарызды төлемеді деп жазыпты

img_5259

Бұл туралы Ақжайық газеті жазды.

Бақылау камерасына түскен Мечников-Баймұханов көпірінде түн ортасында жалғыз жүрген қыз ІІД-нің шұғыл басқару орталығының қызметкерлерінің күмәнін тудырған.  Осы жерге бірнеше минуттардан кейін жол-патрульдік полиция экипажы келгенде ешкім жоқ болды: қыз суға секіріп кетіпті. Қараңғы өзен бетіндегі әлсіз су айқыштары қыздың құлаған жерін анықтауға мүмкіндік берді.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, экипаж көлікпен жағаға түсіп, оның құрамындағы жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгері, қатардағы сарбаз Әлихан Құмарғалиев қаруы мен оқсауытын лақтырып, суға секірген.

23 жастағы Құмарғалиев бұрын ешқашан мұздай суық суға түсіп көрмеген екен. Кейін өзі мойындағандай, суға секіргенде басында суық өтіп кетеді-ау деген ой да болмаған. Дегенмен, медициналық анықтамаларға сәйкес, 10-нан 0 градусқа дейін су температурасында суық өтудің ауыр формасы болып, дене құрысып қалады екен. Ал ол мұздай суда 7-8 минут жүзді. Жігітті спорттық дайындығы құтқарса керек: Әлихан – кекушинкай каратеден халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

“Үлгере алмай қаламын ба деп қорықтым. Секіріп, дауыс шыққан жаққа қарай жүздім, қыз суға бір батып, бір шығып, жанталасып жатыр екен. Қалай екенін білмеймін, қолыма шашы ілініп, жағаға сүйреп шықтым. Жағаға жақындаған сайын ауырлай бастады, қыз үстіндегі бар киімімен секіріп кеткен ғой. Сол кезде менімен бірге келген полиция қызметкерлері де суға түсіп, жағаға шығаруға көмектесті. Біз осы уақытқа дейін жедел жәрдем шақырып қойғанбыз, бірақ күткен жоқпыз, оны көлігімізге салдық, әбден жаурап қалған екен, есі бар, алайда қатты қорыққаннан қозғала да, сөйлей де алмады. Біз бірнеше минутта бос көшелермен жүріп отырып, облыстық ауруханаға жеткіздік, бізді күтіп тұр екен, қызды алып кетті. Маған бір екпе салып, салқын алатын «Терафлю» берді. Мен қалалық бөлімдегі базаға барып, құрғақ киімдер ауыстырып, кезекшілігімнің қалған уақытын атқардым. Таңертең ауысымды тапсырып, үйге кеттім”,- деп еске алған Әлихан. 

Өзін-өзіне қол жұмсағысы келген қыз туралы тек оның 25 жаста екені ғана белгілі. Бұл қадамға ол туыстарымен келіспей қалғаннан барған деген жорамал бар. Қыз өзінің түсініктемесінде апасы мен жездесі оның атына несие ресімдеп, жапон көлігін алып, қарызды төлемеді деп жазыпты.

 

Талқылау