Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда перзентханада қайтыс болған әйелдің өлімі үшін дәрігерлер жауап береді

Атырауда перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өлімі үшін дәрігерлер жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Атырауда перзентханада қайтыс болған әйелдің өлімі үшін дәрігерлер жауап береді

«25 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі фактісі бойынша ҚР ҚК 317-бабы 3-тармағына (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеуге байланысты, басқа мәліметтер хабарланбайды», – делінеді хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 12 қыркүйекте облыстық перинаталдық орталықта жүкті келіншек қайтыс болған еді. Сол күні келіншек бас ауруына шағымданып, үйіне дәрігер шақыртқан. Оны шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жеткізген. Алайда өмірін аман алып қалу мүмкін болмапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау