Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда пара сұраған полицей шенінен айырылды

Атырауда ҚІІБ көші-қон полициясының аға лейтенантының басы бәлеге қалды. Оның үстінен №2 Атырау қалалық соты қылмыстық істі қарастырды.

48f6c42db1aa05bf246cf12819029bfc-big

Сурет forbes.kz

Бұл туралы “Ақ жайық” басылымы хабарлайды.

Сот азамат Д.-ның көші-қон полициясы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде өзбекстандық отбасы жалға алып отырған үйге заңсыз кіріп, сол жерде тінту жүргізгендігін анықтады. Ерлі-зайыптыларды мәжбүрлі түрде елден шығарамыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, олардың құжаттарын тартып алған. Онымен қоймай олардан 40 мың теңге көлемінде пара талап еткен.

Өзбекстан азаматы оған айтылған соманың жартысын беріп, кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментіне шағымданған.

Полицей қалған соманы алу қылмысы үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі кезеңде оның және қала прокурорының арасында кінәні мойындау түрінде іс жүргізу келісімі жасалды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 362-бабы (“Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану”) мен 366-бабы (“Пара алу”) бойынша Д. деген азамат кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен және өмір бойына құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айырылды. Сонымн қатар параның 70 есе мөлшерінде, яғни, 2,8 млн теңгеге айыппұл жазасын алды. Ол, сондай-ақ, полиция аға лейтенанты шенінен айырылды.

Талқылау