Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда мүгедек ата-ана егіз ұл мен қызын сабаққа жібере алмай отыр

Атыраулық мүгедек ата-ана 8 жастағы Костя мен Каролинаға мектепке қажетті жабдықтарын алып бере алмай отыр.

898989

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Екінші топтағы мүгедектігі үшін алатын жәрдемақылары күнделікті тұрмысқа әзер жетеді. Людмиланың сөзінше, екінші сыныпқа көшкен балалары үйге жақын жердегі Чехов атындағы мектепке барады. Людмила мен Владимирдің көршілерінің айтуынша, олар бұрынғы нашақорлар екен. Есірткіні шектен тыс қабылдаймын деп, жүру мүмкіндігінен айырылып, сөйлеу қабілеттерінен де біршама ажыраған.

Ал балалары – ата-анасының ауыр жағдайларына қарамастан өте белсенді.

“Күйеуіміз екеуміз алатын 70 мың теңгеге өмір сүріп отырмыз. Азық-түлік алып, коммуналдық қызметке төлейміз, балаларға артылмай қалады”, – дейді Людмила.

Отбаы жатақхананың бөлмесін мекен етіп отыр. Әбден тозған баспаналары да күрделі жөндеуді қажет етеді. Балалар бос уақытта кола қақпақтарын жинап, дүкенге өткізіп, тиын-тебен табады. Қазіргі кезде егіздердің мектепке баруы үшін оларға мектеп формасы, аяқ киім, сөмке сынды заттар керек.

Оқи отырыңыз:

Алматы әкімдігі балаларды өрттен құтқарған десантшыны марапаттады

Алматы облысында үйі өртенген отбасы шиеттей бала-шағамен күркеде тұрып жатыр

Түрмедегі Жамалиевтің VIP-камерасы: Сыра ішу, қыздармен көңіл көтеру

Қарағанды облысында 13 жастағы қыз 17 жастағы жігітімен қашып кетті

Талқылау