Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда мұғалімді өлтірді деген күдікпен қарауыл қамауға алынды

49 жасар ер адам екі айға қамауға алынып, тергеу изоляторына отырғызылды.

921771

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

5 қаңтарда зорлықпен өлтірілген белгілермен дене шынықтыру пәні мұғалімінің мүрдесі табылған, деп хабарлайды өңірлік “Ақ Жайық” басылымы. Кісі өлтіру алдын ала болжам бойынша, бірге ішімдік ішу кезінде орын алған.  “Қылмыс жасады деген күдікпен осы мектептің 49 жастағы сантехнигі әрі күзетшісі А.И. ұсталды”,  – деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. №2 Атырау қалалық соты тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдікті тергеу абақтысына қамалды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы өрт сөндірушілері пәтерде әйел кісінің жансыз денесін тапты

Ақмола облысында сәбидің денесінің 80%-ы күйіп қалды

Қарағандыда телефонына қарап тұрған баланы автобус қағып кетті (видео)

Семейде жоғалған қыз асылып қалған күйінде табылды

Талқылау