Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моншада жанжал шығарған атыраулық 15 жылға сотталып кетті

Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен саунада бүлік шығарған азаматты 15 жылға бас бостандығынан айырды.

00(4)

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Басты сот талқылауында анықталғандай,  2016 жылдың 11 ақпанында азамат С.Б. туыстарымен бірге Атырау қаласындағы моншалардың біріне келген. Ішімдікке тойған ер адам сауна қызметінің ақысын төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан. Ол көлікке отырып, саунаға келушілер мен оның қызметкерлерінің артынан қуалай бастаған. Олардың бірін қағып түсіріп, үстімен жүріп өткен. Кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмды. Іс алқабилердің қатысуымен жабық күйде өтті. Сот шешімімен С.Б. кінәлі деп танылып, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны қатаң режімдегі абақтыда өтейтін болады», – деп мәлім етті Атырау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

 

Талқылау