Атырауда миының жасушалары өліп қалған 8 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрады

8 жасар Кәмилла Ілияс көмекке мұқтаж. Кішкентай қыз мидың сал ауруынан зардап шегеді. Ол дүниеге келісімен-ақ өмір үшін күресуде. Оған ота жасалғаннан кейін жағдайы нашарлап кетіпті. Дұрыс қойылмаған бір иненің кесірінен, кішкентай қыз сауығу мүмкіндігінен айырылған.

Атырауда миының жасушалары өліп қалған 8 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрады

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кішкентай Кәмилла Ілияс үнемі анасының қолында жүреді. Оған 4 айлығында «балалардағы мидың сал ауруы» диагнозы қойылған. Қазір ол 8 жаста. Алайда арнайы құралдардың көмегінсіз тыныс алып, тамақтана алмайды.

Десе де қыздың жағдайы туа бітті мұншалық ауыр болмаған. 2016 жылы Кәмилланы Атыраудан Алматыға алып келіп, ота жасатан. Ресейлік мамандар қыздың жағдайы жақсаратынын уәде етіпті. Алайда салдарынан ол комаға түсіп қалған.

«Бізге оның адам болып кете алмайтынын айтты. Оның миының жасушалары өліп қалған. Отаға дейін Кәмилла өзі есімін айтып, қозғалып, мультфильмдер көретін. Үш күннен кейін, кезекті тексеріс кезінде миы дабыл бере бастап, дәрігелер оның өмірі үшін күресті», – дейді Кәмилланың анасы Ләззат Қасымова.

Клиникалық өлімді бастан өткізген Кәмилла өзіне келген. Алайда оның жағдайы нашарлап кетеді. Қыздың анасы оның мұндай жағдайға түсуіне дұрыс қойылмаған наркоз себеп деп отыр. Десе де полицияда мұны дәлелдеу мүмкін болмапты. Мұнан кейін отбасы сотқа жүгінуге уақытын да, күшін де сарп еткісі келмеген. Қазіргі уақытта ең маңыздысы – Кәмилланы аяққа тұрғызу.

«Оның жанарынан өмірге құштарлығын көруге болады. Оның үміті бар. Дәрігерлер ендігі қолдарынан ештеңе келмейтінін айтуда. Бастысы – күтім мен сауықтыру. Оның миының жасушаларын «ояту» үшін, қолымыздан келгенін жасауымыз керек», – дейді Кәмилланың анасы Ләззат Қасымова.

Десе де қыздың оңалып кетуіне мүмкіндік бар. Ол бір жыл ішінде 5 келі салмақ қосқан. Алайда отбасына қыздарын сауықтыру үшін қаражат керек. Мұндай процедура үшін қажетті сома да аз емес – бір жарым миллион теңге. Бұл ақшаны Ләззат Қасымова Челябинскідегі сауықтыру орталығындағы емдік курсқа жұмсамақ. Бірде аталған орталықтың дәрігерлері Кәмиллаға көмектесіп, ол алғаш рет «ана» деген сөзді айтқан.

Оқи отырыңыз:

Теміртауда дәрігерлер жасөспірімнің қолына скотчтың көмегімен гипс салып берген

Кеш жатып, кеш тұратын адамдарда ерте өліп кету қаупі жоғары

Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Денсаулық сақтау министрлігі қағазды амбулаторлық карталарға ресми түрде тыйым салады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар