Атырауда мүгедектер арбасына таңылған азамат әділеттілік іздеп, аштық жариялады

Жасанды бүйрек аппаратына қосылған 47 жастағы I топ мүгедегі Қайрат Есбергенов ПИК төрағасы Сергей Павлов басқарған «Құлагер Жайық» тұрғын үй кешенінің бай тұрғындары мүлкін тартып алуды көздеп отыр дейді.

Атырауда мүгедектер арбасына таңылған 47 жастағы азамат әділеттілік іздеп, аштық жариялады

Бұл туралы Мой город порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Оқиға 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жағасуда. Құлагер-Жайық тұрғын үй ғимаратының 17-ші және соңғы қабатында орналасқан пәтерімнің төбесінен үнемі жаңбыл суы тамшылайды. Мүлікті 8 жыл бойы өз есебіммен жөндеуге мәжбүр болдым. Бірнеше жыл бойы жазған көптеген шағымдарым мен хаттарыма ПИК қылт етпеді. Маған шығынды өтемеді», – дейді Қайрат Есбергенов.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтың шағымдарына жауап ретінде, ПИК төрағасы шатырдың жаңа технологиямен жөндеуден өткенін айтты. Үйдің шатыры толығымен сұйық көбікпен жабылған. Осылайша, автордың сөзінен ПИК шамамен үш миллион теңгені желге шашқан.

«Төбеден бұған дейін су ақса, қазір де ағып тұр. ПИК-тың әрекетсіздігінен шаршағандықтан үйдің тұрғындарына бұл алаңды менің пайдалануыма берсеңіздер шатырдың жөндеу жұмыстарын өз мойныма алуға дайын екенімді ұсындым. Себебі, жаңбыр жауса ең бірінші мен зардап шегемін. Шатырдың жөндеу жұмысын қамтамасыз етуден басқа, үйді өз қаражатымнан қауіпсіздік жүйелері, өрт дабылы, сондай-ақ бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуге міндеттедім. Жауап ретінде, көпшілігі менің ұсынысымды қолдады. Бірақ олар жүктемені ПИК басшылығымен бөлісуді өтінді. Себебі бұрынғы төраға жемқорлықпен ұсталып жұмыстан шығарылған. Мен бұдан бірден бас тарттым, бірақ кейіннен жалға берушілердің қысымымен, келісім бердім»,-дейді мүгедек.

2017 жылдың шілде айының соңынан бастап ер адам ПИК төрағасы болып жұмысқа кірісті. Қайрат Есбергенов екі ай өтпестен құрылысы басталғаннан бері мүлде жүргізілмеген бірқатар жұмыстарды орындады. Ол балалар алаңы, орындықтар, тас төсеуіш, газон төсеу, кіреберісті жөндеу, қақпаны жөндеу, бақылау пунктін орнату, іргелес аумақты және жүретін жолді кеңейту, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге қарыздарды азайту секілді бірқатар жұмыстарды тындырған.

Барлық осы жұмыстарды қырық бес күн бойы бірінші топ мүгедегі жүргізді.

«Кейінірек тамыздың соңында кейбір жалға алушылар жылжымайтын мүлікті менің иелігіме бермейтінін білдім. Сосын мен желідегі парақшаға егер бұл мәселе шешілмесе, онда мен жұмысты жалғастырудан бас тартамын деп, басқа төраға іздеулерін ескерттім. 2017 жылдан бастап бұл қызметті атқармайтын болып, тұрғындарға менің шығынымды өтеуді сұрадым. Себебі олар келісім бойынша пәтерді менің иелігіме бермеді. Болмаса өзім орнатқан мүліктерімді тыныш алып кетуге уақыт беріңіздер дедім. Кейін ауланы кеңейтуге, бетон құюға кеткен ақшаның қайтарылмайтын айтты, олардың бәрін алып кету мүмкін болмады»,-дейді Қайрат.

Бастапқыда ПИК төрағасы Қайрат барлық бақылау-өткізу бекеттерін және балалар ойын алаңын бөлшектеп, алып кете алатындығын мәлімдеді. Алайда, сәуір айында барлық мүлікті сатып алушылар табылғанда Павлов күтпеген жерден мүгедекке ПИК-тың ақшасын желге шашқаны үшін ештеңе бермеуге ниеттенгенін айтты. Мүгедек осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінуіне мәжбүр болды. Ақыр соңында 1-ші топ мүгедегі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына кеткен ақшаны, сондай-ақ алаңға орнатқан мүліктерін қатара алмай, аштық жариялап отыр.

«Павлов менің қойған сұрақтарымның ешқайсысына жауап бермей қашып жүр. Онымен қоймен үйден шыққан кезінде әйеліме тіл тигізді. Ол: «мен сізбен әлеуметтік жауапкершілігі төмен адам ретінде сөйлескім келмейді» деген, яғни оны жезөкше деп атады. Мұның барлығы камераға түсірілді. Сонда менің мүлкімді қайтару туралы ешқандай әңгіме болған жоқ. Өмірді қолдау жүйесін, яғни жасанды бүйрек аппаратынан бас тартамын және Құлагер-Жайық үйінің залында күтіп тұрамын. Әділеттілік, шындық үшін аяғына дейін барамын»,- дейді мүгедек.

Тағы оқыңыз: 

Қарағанды облысында мектептің шатырынан аққан су: Оқушылар сабаққа тегеш көтеріп барады

Қостанайлық полиция қызметкері мен бокстан Азия чемпионы ұрлық жасағаны үшін сотталуда

«Ақша қайда?»: Сенаторлар банктерді қолдауға бөлінген 3 триллион теңгеден астам ақшаның есебін сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар