Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда лифтіден құлап қаза болған екі оқушы таныстарының үйіне ауызашарға барған

Атырауда жан сескенерлік жағдай. Екі оқушы 16 қабатты үйдің 15-қабатындағы жеделсаты шахтасынан құлап қайтыс болды.

Аса үлкен биіктіктен төменге құлдыраған жеткіншектердің бірі сол жерде көз жұмса, екіншісі ауруханада жан тапсырған. Куәгерлердің сөзінше 9-сынып оқушылары таныстарының үйіне ауызашарға барған көрінеді, деп хабарлайды 31 арна.

Адам жанын түршіктіретін қайғылы оқиға Атыраудағы Алмагүл шағын ауданында болған. Он бес жастағы екі жеткіншектің өмірі қиылған жер осы. Он бесінші қабаттың жүкке арналған жеделсатысының ашық тұрған шахтасына құлап кеткен оқушылардың біреуі сол сәтте жан тәсілім еткен. Ал аман қалған екіншісі ауруханаға жеткізілгенімен көп ұзамай жансақтау бөлімінде көз жұмған. Со кезде айқай – шуға аса мән бермеген куәгерлер балалардың төбелесуі шығар деген ойда болғандарын айтады. Алайда, кейіннен лифтіге құлаған балаларды көргенде жағамызды ұстадық дейді.

“Мына жерде алып жатырды. Шыдай алмай есікті қайта жаптым. Екі баланы шығарған, уже. Екі бала тірі болды. Одан кейін скорый келіп болмады, линия жабық болды. Сасқаннан 102-ге звондадым. Мына жерде папасының жан айқайы шығып, «көмектесіңдер» деп жатты”, – дейді куәгер Шынар Дүйсенғалиева.

Жаналғыш жеделсатыдан үрейленген тұрғындар көз жұмған балаларды «тоғызыншы сыныптың оқушылары» деп отыр. Бірі, қаладағы №1 мектептің, ал, екіншісі мына тұрған №34 мектептің оқушысы. Жеткіншек туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан ұстаздары, есесіне қайтыс болған марқұмның суретін кіре беріске қойыпты.

Ал осы оқиғадан соң жеделсаты жөнінде баспасөз конференциясын ұйымдастырған төтенше жағдайлар қызметкерлері мардымды ештеңе айта қоймады. Бар айтқандары тергеу жұмыстарының басталып, арнайы комиссия құрылғандығы ғана болды.

“Жабық тұрған лифтіге балалардың қалай құлап кеткені жөнінде қазіргі кезде құзырлы органдармен тергеу жұмыстары жүргізілуде. Анықталатын болады. Жалпы, бұл үй 2007 жылы салынған. 2010 жылы тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жолаушылар лифтісі модерназиациядан өткен. Мердігер «Каспий лифт» мекемесі”, – дейді Атырау қаласы әкімшілігінің бөлім басшысы Талғар Хабибуллин.

Ал шенеуніктер айтып отырған «Каспий лифт» компаниясының өкілдері жауап беруге құлықсыз. Тұрғындардың сөзінше, оқыс оқиға болған лифттің жұмысы бірнеше жылдан бері тоқтатылыпты. Алайда есіктері жабылғанымен, шахталары қалған жеделсатылардың қауіпсіздігін ешкім бақылауға алмаған көрінеді. 2013 жылы дәл осы үйлерде лифт шахтасына құлаған 23 жастағы келіншек көз жұмған. Ал қазіргі таңда қала бойынша 94 үйде 266 лифт бар болса, оның 207-і ғана жұмыс жасап тұр екен. Ал, 32-і жарамсыз деп танылып, қайта ауыстыруды қажет етеді.

Естеріңізге сала кетсек, 21 мамырда сағат 22:30 шамасында Алмагүл ықшамауданындағы №19 үйде екі жасөспірім лифт шахтасына құлап кетіп, мерт болды.

Тағы да оқыңыз:

Түлектер аудиторияға ұялы телефон мен шпоргалкаларды оп-оңай алып кіруі мүмкін

Атырауда лифтіден құлап қаза болған екі оқушы таныстарының үйіне ауызашарға барған

Қазақстандық екі әйелдің төсінен паразитті құрт табылды

Астана тұрғындары: Түні бойы айналаны елестер кезіп, лифтімен кіріп-шыққаны анық байқалады

Талқылау