Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда кроссовки киген журналисті облыстық әкімдікке кіргізбей қойды

Атырауда облыстық мәслихат сессиясына келген журналисті сырт келбетіне байланысты кіргізбей қойған.

реер

Бұл туралы “Ақ жайық” басылымы хабарлайды.

Зұлфия Байнекееваның айтуынша, ол әкімдікке редакция тапсырмасымен барған.

“Мен әдетте жеңіл күртеше, көк түсті шалбар кигенмін. Алайда аяғыма киген қара түсті кроссовки менің жолыма бөгет болды. Тіпті сол жерге келген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Саламат Сабыр да көмектесе алмады. Қатаң полицейлер өз айтқанынан қайтпай тұрып алды. Ал сол күнгі мәслихаттың қандай шешім қабылдағаны сол жұмбақ күйінде қалды”, – дейді қыз.

Оның сөзінше, журналистердің көпшілігі ыңғайлы жүру үшін күнделікті спорттық стилде киініп жүре береді.

“Біздің жұмыс солай, біз күнді жол апаты оқиғасынан бастап, елшімен сұхбаттасып аяқтауымыз мүмкін. Мысалға деп жатырмын. Осы уақытқа дейін ешкім сыртқы киімімізге қатысыты шектеу қойып, ғимаратқа жібермей қойған емес. Тіпті бұрынғы әкім Бақтықожа Ізмұзхамбетов аяғына кеда киіп барған әріптесіммен кабинетінде емен-жарқын әңгімелесіп, шай да ішкен болатын”, – дейді журналист.

Оқи отырыңыз:

2 млн теңге тауып алған Шымкент тұрғыны иесін іздеп тауып қайтарып берді

Бердібек Сапарбаев зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады

Талқылау