Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғынының қолына Құрандағы жазу түскен

40 жастағы Атырау тұрғыны Арман Құспанәлиевтің қолына қасиетті Құрандағы жазу таңбаланып түскен. Бұл жұмбақ құбылыс Мәуліт мерекесі кезінде пайда болыпты.

d846a77e44e3315d4dfde12f2cd03ff4

Сурет vk.com әлеуметтік желісінен алынды

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

25 қаңтар күні түнде Арман Құспанәлиевтің дене қызуы көтеріледі. Сосын оның оң қолында арабша «Алла» сөзі, ал сол қолында «Барлығы, жер де, көк те Алланың иелігінде» деген Құрандағы жазу пайда болады. Арман Құспанәлиев экология және еңбекпен қорғау мәселесі бойынша компания директоры. Оның үш баласы бар. Ол үш мәрте қажылыққа барған және тұрақты түрде намаз оқиды екен. 

«Менің дене қызуым көтеріліп қатты ауырып, әлсіредім. Ешкім емдей алмай қойды. Сосын туыстарым ораза ұстауға кеңес берді. Рамазан айындағы қасиетті Қадыр түнінде мен өзге мұсылмандар секілді көз ілмей, намаз оқыдым. Осыдан соң дереу айығып, «Алла» деген жазу пайда болды. Қазір бәрі айтады, сен тегін адам емессің, әулие шығарсың деп. Мен бұған келіспеймін. Мен қарапайым адаммын. Мен Алланы тану үшін намаз оқимын, сауатты мұсылман болуға тырысамын. Қазір түрлі сектаға кіріп кеткен адамдар көбейді. Олар Құранды дұрыс бағытта насихаттап жүрген жоқ. Әрбір мұсылман қасиетті кітаптың нығметтерін оң тұрғыда, сауатты түрде түсіне білуі керек”, – дейді Арман.

Талқылау