Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда көліктің астына әдейі түсуге ұмтылатын балалар көбейіп кеткен

Атырауда автокөлік жүргізушілері жасөспірімдердің соңғы уақытта шығарған жаман қылықтары туралы жарыса хабарлап жатыр.

9999

Бұл туралы “Мой Город” порталы жазады.

Көлік жүргізушілері қаланың әр жерінде топтасып алып, қауіпті тәсілге жүгінетін жасөспірімдерді жиі байқайды екен. Олар аңдып тұрып көлік келе жатқан кезде алдынан жүгіріп шығып, өте шығуы тиіс. Ойынның мақсаты – зулап келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өту. Ойын “Жүгір немесе өл” деп аталады екен.

“21 сәуір күні түскі сағат 2-де Владимирский көшесімен келе жаттым. “Грин Беар” айырбастау бекеті маңындағы бағдаршамда 13-14 жастағы балалар тобы тұрды. Мен олардың қасына жақындай бергенде балалардың бірі менің көлігімнің алдына қарай ұмтылды. Мен тежегішті басып үлгердім, ал бала болса ыржалаңдап жүгіріп кетті. Ал өзгелері оған “жарайсың” дегендей қошемет білдіріп жатты. Қуып жеткім келген, бірақ басымнан кешкен күйзеліс оған жібермеді. Осы ауданда тұратын әріптесімнің айтуынша, ол мұндай балаларды біраздан бері байқап жүр екен. Құрметті ІІМ қызметкерлері, осы жағдайға назар аударыңыздар!, – дейді көлік жүргізушілерінің бірі.

Тағы бір куәгер джиптің астына түсе жаздаған 10 жасар бала туралы айтыпты. Абырой болғанда көлік жәй жылдамдықпен келе жатқандықтан, өзін тежеп үлгерген.

“Бұл “Жүгір немесе өл” ойынына ұқсайды. “Синий кит” секілді жастардың жаңа көңіл көтеру үшін шығарған әдісі сияқты. Көлік жүргізушілері, жас балалардың қасынан өткенде абай болыңыздар”, – дейді тағы бір жүргізуші.

Оқи отырыңыз:

Мамыр айындағы мерекелерде бір апта демаламыз

Шымкентте жылдамдықты 260-қа жеткізіп мақтанған жүргізуші жол апатына ұшырады (видео)

Ақтөбеде 4 тәулікке жоғалып кеткен оқушы қыз пәктігінен айырылған

Мас ер адам полицей қызды теуіп, сабап тастады (видео)

Талқылау