Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда кішкентай қызды өлімнен құтқарған әскери қызметшіні марапаттады

Атырауда ҚР Ұлттық гвардия «Батыс» ӨҚ №5546 әскери бөлімінде келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі сержант Мұхтар Үрбісіновті құттықтауған арналған салтанатты кеш  өтті. Ол безгегі ұстап талып қалған кішкентай қызға алғашқы көмек көрсеткен.

????????????????????????????????????

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстың өзара әрекет етуші құрылымдары, әскер ардагерлері, бөлімнің жеке құрамы мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің қатысуымен  баланың өмірін құтқарған

«Келісімшарт қызметінің сержанты Үрбісінов ҚР Ұлттық гвардия «Батыс» ӨҚ қолбасшысы генерал майор Қ. Ақтановтың бұйрығымен адам құтқару кезінде сақтық, ерлік, іскерлік пен шешімді қадам жасағаны үшін «Қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» төс белгісімен марапатталды. Батырға награданы әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы Евгений Юдин табыстады», деп хабарлады қолбасшылық баспасөз қызметінен.

2016 жылғы 9 қаңтарда сержант үй маңындағы дүкенге барған. Дүкенде ол талып қалған кішкентай қызға көмектеспекші болған ер адамды байқайды. Жасөспірімнің қызуы көтеріліп, аяқасты безгегі ұстап қалған.

null

«Сержант Мұхтар бірден жедел жәрдем шақырып, қызы мен әкесін өз үйіне алып келеді. Жедел жәрдем келгенге дейін фельдшер әйелі екеуі қызға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Қызуын түсіріп,  денесіне массаж жасайды. Келген дәрігерлер оның безгегі ұстағанын растап, Үрбісіновтер отбасына алғашқы көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреді. Олардың дұрыс әрекеті кішкентай Мәдинаның өмірін сақтап қалғанын атап өтеді. Қыздың ата-анасы бөлім қолбасшылығы мен сержант Үрбісіновке жеке алғыстарын білдірді», – делінген баспасөз парағында.

Кеште сөз алған подполковник Юдин Мұхтарды жоғары наградасымен шын жүректен құттықтады, оған ерге тән қасиеті үшін алғыс айтты.

Шара барысында батыр құрметіне құттықтау сөздер айтылып, ән орындалды, би биленді. Құттықтау сөзімен «Нұр Отан» партиясының өкілі С. Атсаламатов, ТЖ бастығы Н. Ғылымов, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары М. Өтеғалиев, фельдшер К. Оразалина шықты.

«Сол сәтте ойымда қызды құтқарудан басқа ештеңе болған жоқ. Кез келген ер азамат осылай жасайды деп ойлаймын. Жақынына, қиындыққа ұшыраған адамға жәрдемдесу кез келген азаматтың борышы деп санаймын, – деді әскери  қызметші сержант Мұхтар Үрбісінов.

Талқылау