Атырауда кіші жүз руларының атымен аталатын печенье шықты (видео)

Бейсенбі, 17 Қараша , 2016 15:58

Атырауда кіші жүз руларының аттарымен атымен аталатын печенье пайда болған. Ол туралы ақпараттар қазіргі таңда WatsApp мессенджерінде таралып кеткен көрінеді.

53a68a5a3ec313ca864549e7cc01b1b4_1479293395100

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

“Адай”, “Беріш”, “Шеркеш” деген жазулары бар печеньелер Атырау өңірінде пайда болған. Белгілі болғандай, аталмыш печеньелерді жергілікті бизнесмен арнайы тапсырыспен Ресейдің Армавир қаласында пісіретін көрінеді. Тапсырыс беруші кәсіпкер Саида Айтуғанованың айтуынша, Атырауда қазақтар руға бөлінгенді жақсы көреді, тиісінше әрқайсысы өз руларын мақтан тұтады.

556565656

Бұл печеньелердің бір реттік шығарылым екенін не болмаса әрі қарай жалғасын табатынын бизнесмен ашып айтпады. Алайда, рулар жазылған тәттілер алдағы уақытта дүкен сөрелерінен көптеп кезігуі де мүмкін. Қазіргі таңда рулардың таңбасы мен жазуларын мұнайлы қаладағы кез-келген көліктен, үй сыртынан, киімнен кездестіруге болады.

Оқи отырыңыз:

17 жасында миллион теңге табыс тапқан қазақ баласы кәсібінің сырын айтты

Есек терісінің бағасы: Елімізде есек терісінін алушылар оны қайда өткізеді

Өзінің ең қымбат, ең қимас нәрсесін Алла үшін біреуге беру дұрыс па

Балиева балаларды Coca-Cola-ны ішпеуге үйретпекші

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар