Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда хиджаб киген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Атырауда орамал таққан оқушылардың ата-аналарына жалпы сомасы 200 мың теңге айыппұл салынды.

Атырауда хиджаб киген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Атырау облысында 20 оқушы мектепке діни киіммен келген.

«Міндеттелген мектеп формасына қатысты ереже барлығына бірдей. Бастапқыда ата-аналарына ескерту жасалады», – дейді өңірдегі білім саласын бақылау жөніндегі департамент басшысы Сатқан Есенғалиев.

Департамент басшысының сөзінше, егер оқушылар мектеп формасына қатысты ережені әрі қарай да бұзатын болса, олардың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 409-бабына (Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу) сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Аталған бап бойынша 10 АЕК (24 050 теңге) айыппұл салу қарастырылған.

«16 ата-анаға қатысты іс сотқа жіберілді. Мұнан кейін оларға 5 АЕК (12 025 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарылды. Жыл бойында тағы бұзушылыққа жол берсе, тәртіпті қайталай бұзғаны үшін жауапқа тартылады», – дейді Есенғалиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау