Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда кәсіпкердің баласы мас күйінде үш адамды қағып, қашып кетті

Маусымның 29-ынан 30-ына қараған түні Бірінші учаске маңындағы көшелердің бірінде сұмдық жағдай орын алған. Ер адам джип көлігімен үш адамды қасақана басып кетіп, оқиға орнынан ғайып болған.

0fe92fdc0dcba8bcd6875298ef1db313

Сурет efir24.tv

Бұл туралы “Ақ Жайық” басылымы хабарлайды.

Зардап шегушілер арасында – бұрынғы депутат, УС-99 ірі құрылыс компаниясының бас директоры Аркадий Ким бар. Сонымен қатар, оның жұбайы мен олардың жас көршісі зардап шеккен. Атырауға танымал бизнесмен қазіргі кезде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалауда.

Басып кеткеннен кейін джип жүргізушісінің қылмыс орнынан тасаланғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері оны үйінен ұстаған. Бейресми ақпарат бойынша, қан құрамын тексеру нәтижесі, оның мас екендігін көрсетіпті. Болжаммен, оның есімі Ернар, 1984 жылғы, «алтын жастар» өкілі болып табылады, анасы – ірі кәсіпкер.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер басып кету фактісін растады. Алайда хикаяны өзгешелеу етіп әңгімелеп берді.

“Атыраудың 84 жылғы тұрғынынан танысы қарыз алады. Кредитор 79 жылғы басқа танысымен бірге қарыз алушының үйіне барады. Қарыз алушының өзі үйінде болмайды, күтпеген қонақтарды оның жұбайы қарсы алады. Ер адамдар мен әйел сөзге келіп қалады. Осы кезде бұл әйелдің 94 жылғы баласы анасын қорғаштап, ақшаларын алуға келген адамдарды ұрып-соға бастайды”, – деп әңгімелейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова,

Айқай-шуға көршілері – 59 жылғы ер адам мен оның жұбайы (Аркадий Ким мен әйелін меңзеп отыр, алайда баспасөз қызметі олардың атын атамады – Т.С. ) жүгіріп келеді. Олар жанжалдасушыларды айырмақ болады. “Меймандар” жанжал орнынан кетіп қалуды ұйғарады. Бірақ көшеде де жанжал жалғасып, 84 жылғы ер адам (Land Cruiser көлігінің иесі) 59 жылғы ер адамды, оның жұбайы мен 94 жылғы жігітті басып кетеді. Әйелге ауруханада көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ер адамдар ауруханада жатыр.

Сондай-ақ, Мұхтарованың әңгімесінен басып кеткен ер адамның сол жерден шынымен де кетіп қалғаны анықталды. Полицейлер оны мекенжайы бойынша тапқан.

Қазір Land Cruiser көлігінің қожайыны полицияға өзін (әлгі 59 жылғы мен 94 жылғы) екі ер адамның себепсіз ұрып-соққандығы туралы арыз жазған. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер қазір анықтауда. Бұл факт «Бұзақылық» деп аталатын 293-баптың 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Талқылау