Атырауда ер адам такси мен ішімдіктің ақысын біреудің қойымен төлеп отырған

Жұма, 21 Сәуір , 2017 12:22

Исатай аудандық соты Атырау облысындағы отарлы жайылымнан тоғыз қойдың ұрлануы туралы қылмыстық істі қарады.

2067147

Фото: Литвинов

Былтыр шілде айының соңында Аққыстау ауылының тұрғыны Тұщықұдық ауылдық округінде орналасқан “Көшеқара” елді мекенінде мал шаруашылығымен айналысатын адамға қойшы болып жалданады, деп жазады “Ақжайық” өңірлік басылымы.

Алғашқы күндердің бірінде жайылымда жүрген малшы танысына хабарласып, азық-түлік пен ішімдік әкеліп беруін сұрайды да, ақысын қоймен өтейтінін айтады.  Танысы үш рет жайылымға келіп, қызметінің ақысы үшін екі қойдан алып отырған. Тағы бір қойды шопан арақ пен темекі бергені үшін басқа бір ауылдасына төлеген екен.

Тағы бір жолы қойшы өріске асығып бара жатады да, автокөлік мінген екі аққыстаулыққа жеткізіп салыңдар деп, ақы ретінде бір-бір қойдан береді. Бірде мал иесі жоғалып кеткен тоғыз қойды іздеп, әрқайсысын 50 мыңға бағалайды. Ақыры соңында малшыға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, бірақ рақымшылыққа байланысты негізі жазадан босталыпты.

Тағы да оқыңыз:

Астанадағы “Аналар үйінде” тұрып жатқан қыздар аянышты тағдырын баяндап берді (фото)

Ақтөбеде оқушының жыныс мүшесін сипаған ұстаздың соты басталды

Таксист жолаушының көлікте ұмытып кеткен 44 келі алтынын қайтарып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар