Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда екі тоннадан астам бекіре мен 24 келі қара уылдырық отқа жағылды

Атырауда екі тоннадан астам бекіре мен қорытпа тұқымдас 2 тонна балық пен 24 келі қара уылдырық арнайы пешке тасталды.

caviar_black_main

Бұл туралы ктк арнасы хабарлады.

Бұлардың барлығы да браконьерлерден тәркіленген.  Осы уақытқа дейін оларды жоюдың белгілі бір тәртібі болмағандықтан, прокурорлар балықтар мен уылдырықты мұздатқышта екі жыл бойы сақтапты. Тек биылғы жылдың қыркүйегінде ғана Ауыл шаруашылығы министрлігі тәркіленген бекіре мен уылдырыққа қатысты арнайы баға бекітіпті. Соған сәйкес, тәркіленген бекіренің бір келісін 1555 теңгеге, ал қара уылдырықтың бір келісін 140 мың теңгеден сатуға болады. Прокурорлар тек 900 келіге жуық құнды балықты сатып үлгеріп, мемлекетке 1 жарым миллион теңге түсіріпті. Ал осы уақыт ішінде бұзылып кеткен теңіз өнімдерін жоюға тура келді.

Талқылау