Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда дәрігерлердің қателігі үшін әйелдің омырауын кесіп тастаған

Атырауда әйел өзіне дұрыс диагноз қойылмағаны үшін омырауынан айырылды.

Атырауда дәрігерлердің қателігі үшін әйелдің омырауын кесіп тастаған

Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2016 жылдың наурыз айында әйел оң жақ сүт безі ауыратынын айтып, емханаға келген. Оған дер кезінде диагноз қойлмағандықтан, әйелдің жағдайы нашарлап кеткен. Сол кезде дәрігерлер оны онкологиялық диспансерге жіберіпті. Онда Атырау сот сараптамасы институтының мамандары шұғыл биопсия жасап, әйелдің қатерлі ісікке шалдыққанын анықтаған.

Мұнан кейін әйелге сүт безін алып тастау бойынша ота жасалыпты. Алайда артынша әйелдің қатерлі ісікке шалдықпағаны анықталыпты.

Өз кезегінде дәрігерлердің қателігінен зардап шеккен әйел сотқа шағымданып, 3,5 миллион және 20 миллион теңге көлемінде материалдық, моральдық шығын өтеп беруін сұраған.

Сот әйелдің пайдасына шешіліп, сот төрағасы №2 Атырау қалалық емханасы мен Атыраудағы облыстық онкологиялық диспансерден әйелге 3 миллион 130 мың теңге көлемінде материалдық шығын және 3 миллион теңге моральдық шығын өтеуін талап етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау